Bugin

Шымкенттік батыр ана 39 жасында 5 келі сәбиді дүниеге әкелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: t.me/otyrarkz

Шымкенттік 39 жастағы көпбалалы ана салмағы бес келіден асатын оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Otyrar басылымының жазуынша, Шымкент тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова 6 қараша күні толғағы келіп, қалалық перзентханаға жатқызылған. Әйел 5 келі салмақтағы сәбиін табиғи жолмен, өз күшімен босанған. Медицина қызметкерлері бүкіл көмекті көрсеткен.

Оныншы баласын сүйіп отырған Гүлбану 19 жасында тұрмыс құрған. Жұбайы Болаттың жасы 43-те. Ерлі-зайыптылар 20 жылдық отбасылық өмірінде 10 баланың ата-анасы атанып отыр.