Bugin

Миллиондаған табысы бар блогерлер бақылауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева миллиондаған табысы бар блогерлерді тиісті органдар бақылауға алғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұған дейін Қаржы министрлігі 750-ге жуық блогердің табысын тексерген. Нәтижесінде 162 адамның кірісі мен шығысында 1,1 миллиард теңге айырмашылық бар екені анықталды. 

“Қаржы пирамидаларын құруға қатысты бірқатар проблема көріп отырмыз, сондықтан біздің азаматтарға қауіп төндіретін барлық нәрселер тиісті органдардың бақылауында. Олар реттейді және бақылайды. Қазірдің өзін де белсенді күрес жүріп жатыр”, - дейді А.Балаева.

Сондай-ақ министр кейбір әлеуметтік желілердің жабылуына қатысты пікірін айтты.