Bugin

Мемлекет 120 спорт түріне қаржы бөлуді тоқтатады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

120 спорт түріне мемлекеттен қаржы беру тоқтайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Енді Қазақстанның атынан ойындарға қатысып, миллиондаған айлық алатын легионерлер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болды. Бүгін Мәжілісте арнайы заң жобасы қаралды. Ол спорт саласын басқару формасын толық өзгертуді көздейді. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұдан былай қомақты қаржы тек Қазақстанның атын халықаралық дәрежеде көтеруге үлес қосып отырған бағыттарға ғана беріледі.  Сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлері 180-нен 60-қа дейін 3 есе қысқартылмақ. 

Тиісінше, үнемделген ақша бұқаралық спортты дамытуға, ел бойынша спорт сарайлары мен алаңдарды жаңғыртуға жұмсалады.