Bugin
Фото: freepik.com
Атырауда бір айға жуық уақыттан бері 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мой город" сайтының мәліметінше, бойжеткеннің денесі әлі табылмаған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар 22 қазаннан бері сүңгуір құрылғыларын пайдалана отырып, оқиға аймағында су асты жұмыстарын жүргізіп, шолу жасап жатқанын мәлімдеді.
Іздестіру жұмыстарына 5 техника, 7 төтенше жағдайлар қызметі қайығы мен полиция, сондай-ақ 20-дан аса адам жұмылдырылған.
Яна Легкодимова 18 қазанда үйінен шығып, қайтып оралмады. Бұл күні анасы Ақтауда іссапарда болған. Кейінірек 24 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды, олар қыздың өлтірілгенін және денесі Жайыққа тасталғанын мойындады. Қала тұрғынының жоғалып кету дерегі бойынша "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.