Bugin
Фото: Инстаграм @gggboxing
Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ұйым комитеттеріне енген жаңа мүшелерін таныстырды. Оның құрамына Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшылары мен қызметкерлері енді. Спорт комитетіне Қазақстанның ҰОК президенті Геннадий Головкин тағайындалды. Бас хатшы Әлімжан Ақаев Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды. PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова Медиа және БАҚ комитетіне кірді, ал Спорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов Ақпарат және статистика комитетіне қосылды.