Bugin

Түркістан: Қазығұртта екі елді мекеннің электр бағаналыр жаңартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында С.Рақымов ауыл округі, Қызылата елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бас қосуда аудан әкімі алдымен 2024 жылы атқарылған істер мен алдағы жоспарлары жайлы қысқаша баяндап өтті. Атап айтқанда, Көкібел елді мекеніндегі Айқынбай батыр, С.Рақымов көшелері, Қызылата елді мекеніндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселесі бойынша, 2024 жылы тамыз айында Айқынбай батыр көшелеріне электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, 1 трансформатор, 28 бағана аусытырылып, көше жарығы оратылғанын, 2024 жылы қыркүйек айында С.Рақымов көшесіне электр желілерін жүргізу құрылысы 114,5 млн. теңгеге мердігер мекеме «Андас-груп» ЖШС тарапынан жүргізілгенін, 2024 жылы қыркүйек айында Қызылата елді мекені электр желілерін жүргізу құрылысын 73 млн. теңгеге мердігер мекеме «Андас-груп» ЖШС тарапынан жасалғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Көкібел елді мекеніндегі А.Құралов көшелерінің бойындағы тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселесі бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың шілде айында талдау жұмыстары жүргізіліп, 25 бағананың тозығы жеткендігі анықталып, Инвест жобаға сәйкес 2025 жылы ауыстыру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

Ауыз су мәселесі бойынша Көкібел елді мекенінде облыстық экергетика және тұрғын үй-шаруашылығы басқармасы тарапынанан Көкібел е/м жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, скважина қазылып, 665 метрден су шыққанын, қазіргі таңда салалық басқарма тарапынан қорытынды әзірленіп жатқанын айтты. Қорытынды алынған соң, су қоймаға жалғау жұмыстары жүргізілетінін түсіндіріп, барлығы кезең-кезеңімен реттелетінін тілге тиек етті.

Кездесу барысында аймақ басшысы Азизхан Азимханұлы биылғы елімізде орын алған табиғи апат салдарынан бюджет қаржысы сол бағытқа қарай басымдық бергенін тілге тиек етіп, бірқатар істердің алдағы жылдың еншісіне қалғанын есккертті. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдардың баршасына нақты жауап беріп, түсіністікпен, ынтымақпен және сабырмен бірге жұмыс жасауға шақырды. Жиын барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарына енгізіп, кезегімен шешімін табу жолдарын қарастыруға уәде етті.