Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Жігерген ауыл округі, Қызылбұлақ елді мекеніне арнайы барып, ауыл округ тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында аймақ басшысы бірінші жартыжылдықтағы кездесуде көтерілген өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы қысқаша баяндап өтті. Атап айтқанда, Диқан елді мекеніндегі КХ-44 облыстық маңызы бар авто жолды кесіп өтетін ағын су арығының арнасына үлкен құбыр қою мәселесі бойынша, 2023-2024 жылдары өтпелі кезеңмен 1 млрд. теңгеге «КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автомобиль жолы мердігер «Алем-Транс» ЖШС тарапынан орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілгенін, халық сұранысына сәйкес жолдың 10 жеріне труба қойылғанын атап айтты. Сондай-ақ, өзге де өтініштер бойынша Қызылбұлақ елді мекеніндегі Ұя-су және Мошқал баба көшелерінің арасындағы жаяу жүргіншілер көпіріне ағымдағы жылдың қазан айында демеушілер есебінен екі жақтама жақтау (перилла) орнатылғанын тілге тиек етті.
Ал,Тесіктөбе және Жігерген елді мекендеріне су мұнарасын орнату мәселесі бойынша, 2024 жылы қыркүйек айында аудандық бюджет есебінен 6,8 млн. теңге бөлініп, «Таза су» МКК тарапынан Өгемге баратын жолдың бойына су мұнарасы орнатылып, іске қосылғанын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан қойылған білім саласы, көше жарықтарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу, медпункт және интернет байланысын жақсарту мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға Заң аясында нақты жауап беріп, жол картасына енгізіп, алдағы жылдарға кезең-кезеңімен жоспарға қоятынын айтты. Сондай-ақ тиісті ауыл округ әкімі мен бөлім басшыларына тапсырмаларын жүктеді.