Bugin

ТҮРКІСТАН: ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС - ҚИМЫЛ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Шардара ауданы әкімдігі жанындағы экстремизм мен терроризмге қарсы кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру тобының кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Отырысты аудан әкімінің орынбасары, терроризмге қарсы жұмысшы топтың төрағасы Б.Шомпиев ашып жүргізіп отырды. Оған Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі - Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобының басшысы Қ.Өсербаев, облыстық терроризмге қарсы комиссияның хашысы мен мүшелері, құзырлы органдардың басшылары, дін істері басқармасының бөлім басшысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры тиісті аудандық мекемелердің басшылары және қала, ауыл әкімдері қатысты.

Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог-мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 10 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен қала, ауыл округі әкімдеріне тапсырмалар жүктеліп, облыстан келген комиссия мүшелері тарапынан әдістемелік көмектер көрсетіліп, тиісті нұсқамалар берілді.

Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, шет елге діни оқу орындарына оқуға кетуге бейім жастар, діни экстремизмнің алдын алу шаралары, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, биыл аудан әкімінің төрағалығымен Шардара ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және жұмысшы топтың 16 отырысы өткізіліп, маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.