Bugin

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Елімізде келесі жылы зейнетақы 8,5%-ға, жәрдемақы 7%-ға өседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады. Бірақ салық мөлшері де өседі. 

Ал  арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, баланың тууына байланысты бір жолғы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыларды, наградталған аналарға, көпбалалы отбасыларға төленетін мелекеттік жәрдемақыны төлеу кезінде 3692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болады. Яғни жәрдемақы 7%-ға өседі.