Bugin

“Жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған»: белгілі волонтер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 01pk

Еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қомақты қаражатты жеке басына жұмсаған.

“Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде”, - делінген ақпаратта.

Волонтер биыл көктемде  елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алған.