Bugin
Фото: freepik.com
Жексенбі күні Қырғыз Республикасында жергілікті басқару органдарына сайлау өтеді. Сол саяси шара қарсаңында үкіметті құлату мақсатында жаппай көтеріліс жоспарлады деген күдікпен жеті адам тұтқындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, күдіктілер тәртіпсіздікті өршіту үшін ел астанасы Бішкекте спорттық ойындар мен жарыстарды пайдалануға әрекеттенген.
"Ұлттық спорт ойындарының атын жамылып, олар зорлық-зомбылық әрекеттеріне шақыруды, конституцияға қайшы үндеулер жасауды және 17 қарашада билікті одан әрі күшпен басып алу мақсатымен жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген", - делінген хабарламада.
Қамалғандардың арасында бірнеше шетел азаматы мен бас прокурордың бұрынғы орынбасары Әділ Кубанұлы бар.