Bugin
Фото: freepik.com
Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрған тұлға 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне мәліметінше, Қызылорда қаласында азаматша кооперативтік филиал ашу арқылы интернет желісінде ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, салымшыларды өзіне ақшалай салым жасауға шақырған. Ол 11 тұрғынға 15 млн теңге көлемінде мүліктік зиян келтірген. 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 жер телімінен айырылған.
Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен әйел 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.