Bugin

Келесі жылы такси жүргізушілеріне қатысты ережелер қалай өзгереді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-де өткен брифингте келер жылы жолаушы тасымалы саласында нендей өзгерістер болатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Енді 2025 жылдан бастап жеке тасымалдаушылар ретінде тіркелген тұлғалар ғана агрегаторлардан тапсырыс ала алатын болады. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Көлік министрлігімен бірлесіп, автотасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалды. 

“Меморандум аясында жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Оған еңбек және демалыс режимін сақтау, медициналық тексерістен өту, жолаушы және жүк тасымалы ережелерін сақтау жатады. Интернет-агрегаторлар өз қосымшаларын осы талаптарға сай бейімдеп жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап агрегатор иелері тек жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген адамдарға тапсырыс бере алады", - деді спикер. 

Жеке тасымалдаушылар енді күнделікті рейс алдындағы және кейінгі медициналық тексеруден өтуге, көлікті күнделікті техникалық тексеруден өткізуге, сол жақтан басқарылатын техникалық тұрғыда жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушінің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады.