Bugin
Фото: freepik.com
Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, "Семей орманында" жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 4 қызметкері мен бір филиал басшысы анықталған.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.