Bugin
Фото: freepik.com
“СК-Фармация” дәрінің бағасын негізсіз екі есеге өсіргені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірқатар заңсыздықты анықтады. Серіктестік 1267 түрлі дәрі-дәрмек пен препараттың бағасын негізсіз көтерген.
Сондай-ақ “СК-Фармация” тағы бір компаниямен келіскен түрде тендерге 7 рет қатысқан. Нақтырақ айтсақ, әр тендерге қатысқанда сыбайласқан екі компания жалған бәсекелестік жасап, бір-біріне жеңісті кезекпен беріп отырған.