Bugin

Түркістан облысында қызмет алушылар күні» іс шарасы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі

Түркістан облысында қызмет алушылар күні» іс шарасы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәйдібек аудандық «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимаратында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық  жоспарына» сәйкес 2024 жылдың 15 қарашасы күні сағат 10.00-11.00 аралығында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Іс-шараға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Мансап орталығы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары қатысты. 

Іс-шара барысында кәсіпкерлік саласы бойынша – рұқсат құжаттарын дайындау, алкогольдік өнімдерді сатуға лицензия алу, бизнесті дамытуға және қолдануға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б.қызметтер  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына тиісті сала мамандары  заң талаптарына сәйкес жауаптарын берді. 

«Қызмет алушылар күні» іс шарасы  барысында жалпы саны 8 азаматқа қағида талаптарына сәйкес қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер қабылданды.