Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысында халықаралық студенттер күні аталып өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 қараша – Халықаралық студенттер күні. Бұл күн әлемнің түкпір-түкпірінде бар сән-салтанатымен тойланады. Осы орайда Келес ауданында Студенттер күніне арналған гала концерт өтті. Салтанатты шараға Келес ауданы әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тың идеяларға толы студенттерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– Баршаңызды халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын. Сіздер жастық шақтың ең қызықты белесі – студенттік өмірге қадам басып, қызыққа толы күндерді бастан өткеріп жатсыздар. Бұл күндердің сіздер үшін мәңгі ұмытылмас, сағынышқа толы кезең болып қалатынына еш күмәнім жоқ. Жастар қашанда оқу-біліммен үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге жетеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы- қашанда қоғам сұранысы. Олай болса баршаңызды мерекемен құттықтап, алдағы оқу жылында тек толағай табыстар мен шығармашылық даму тілеймін, - деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Мерекелік шара барысында аудан орталығындағы №13 колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынайев Нұржігіт 1 – курсқа түсіп, кәсіп иесі атануды мақсат еткен өрендерге студенттік билет табыстады. Шара соңы аудандық мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, Эстрада жарық жұлдызы, жастардың сүйікті жас әншісі BYTANAT көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, Келес ауданында 14-35 жас аралығындағы жастар саны - 41 157 немесе халық санының 30% құрап отыр. Келес өңірінде 1 орта арнаулы оқу орны орналасқан. Оқу орнында 442 студент білім алуда. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 240 орынмен қамтылған. Аталған оқу орнының студенттерімен ұдайы жұмыстар атқарылып, жастардың саяси, әлеуметтік даму жолында бірқатар жұмыстар жасалуда.