Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУДАНДАРДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛУДЕ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысындағы өңірлерде жаңа мектептер қолданысқа берілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінде болып, жергілікті халықпен кездесті. Лесбек батыр елді мекеніндегі Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада өңірде атқарылған жұмыстармен алдағы жобалар талқыланды.

Жергілікті тұрғындар өткен кездесуде аудан басшысына Бозсу, Құйған, Қияжол елді мекендеріне баратын ағын су каналын механикалық тазартудан өткізу мәселесін қойған болатын. Нәтижесінде Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Бозсу, Құйған Қияжол елді мекендерінен өтетін «Келес аудандық су шаруашылығы» мекемесі тарапынан Таубай каналының 3,0 шақырымы ағымдағы жылдың тамыз айында механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар,  Ынтымақ елді мекеніндегі Р-28 каналындағы Ақболат және Найман шлюздары құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда қолданысқа берілді.     

Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекені аумағынан 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы мен Көгерту елді мекені аумағынан 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, ауылдық округінің орталығы Лесбек Батыр және Көгерту елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы да ағымдағы жылы жүзеге аспақ.