Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысындағы аудандардың бірінде ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданы әкімінің өкімімен Нархозиев Нұрмаханбет Амангелдіұлы аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нұрмаханбет Амангелдіұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы менеджмент және сервис» колледжінде Экономикалық пәндер мұғалімі қызметінен бастаған. 2006-2008 жылдары Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде Экономикалық пәндер мұғалімі, 2009 жылы ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылар құқығын қорғау «Адала» бірлестігінде Аймақаралық инспектор, 2009-2010 жылдары Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші, бас маманы, 2010-2011 жылдары Жүзімдік ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маман-іс басқарушысы, 2011-2017 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің көмекшісі, 2018-2019 жылдары Келес ауданы әкімінің аппараты, ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы, 2019-2020 жылдары Келес ауданы әкімі аппаратының жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы, 2020 жылдан бүгінгі таңға дейін Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің әкімі қызметінде болды.