Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛЕРДЕ ӘКІМДЕР САЙЛАНУДА

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысындағы өңірлерде әкімдер сайлануда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданы, Ошақты ауылдық округінің әкімі болып Мырзамұратов Мақсат Құлахметұлы сайланды.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев сайлауда көпшіліктің дауысымен басымдыққа ие болған Мақсат Құлахметұлын жаңа қызметімен құттықтады. Ауыл тұрғындарымен ашық түрде кері байланыс орнатып,  ауылдың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ермекбай Өтешов сайланған әкімге қызметтік куәлігін табыстады.

Мырзамұратов Мақсат Құлахметұлы 1991жылы 20 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2013 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын және 2016 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Құқықтану»мамандығын алған.

Еңбек жолын 2014 жылы Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратының инфрақұрылым мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша жетекші маманы болып бастап, 2015 жылы Абай ауылы әкімі аппаратының инфрақұрылым мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша жетекші маман болып қызмет атқарды. 2015-2017жылдары Абай ауылы әкімі аппаратының жетекші маман әскери есеп жүргізуші, 2017-2019 жылдары Абай ауылы әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушы, 2019-2024 жылдары Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы, 2024 жылы Келес ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы, 2024 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.