Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысындағы өңірлерде табиғи газ тарту жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш және Қосөткел елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін сыртқы магистраль құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер анықталды. Бүгінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— Бүгінде Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел елді мекендеріне табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ішкі жүйелер құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда. Мергідер анықталысымен тиісті жұмыстар атқарылатын болады, - деді Бірлік ауылдық округінің әкімі Әбдіжәміл Серікбаев.
Бірлік ауыл округі аумағында барлығы 18 трансформатор мен 34,5 шақырым электр желілері бар. Жаңатіршілікелді мекенін электр бағаналары мен трансформаторларын ауыстыру бойынша сонымен қатар жаңадан берілетін учаскелерге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, жеңімпаз мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал Үшағаш елді мекендеріндегі жүргізілетін құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс берілген.