Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысындағы өңірлерде әкім сайланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес Келес аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Байдуллаев Талғат Аманкелдіұлы сайланды.
Осыған орай, бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің активіне жаңадан сайланған ауылдық округтің әкімін таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
— Жамбыл ауылдық округі мал шаруашылығымен даңқы шыққан аудандағы ең ірі округтердің бірі. Жаңадан сайланған ауыл әкімін және әкім аппараты мамандарын мұндағы еңбекқор халықтың әлеуетін арттыру бағытында тынымсыз жұмыс істеуге шақырамын. Ауылды дамыту жөніндегі ұсыныстарыңызбен қабылдауға дайынмын. Алдағы уақытта бірлесе елдің жағдайын жасап, тындырымды тірліктерді жүзеге асырады деп сенемін, - деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Байдуллаев Талғат Аманкелдіұлы 1973 жылы Жамбыл совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1995 жылы Келес ауданындағы №58 М.Мәметова атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
1998-2002 жылдары аралығында Кәсіп одақ комитетінің төрағасы, 2003-2020 жыл аралығында мектеп директоры. 2020 жылдан осы күнге дейін Түркістан облысы, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі болып сайланған.