Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысында электр қуатымен толық қамтамасыз етілген,деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Бозай ауылдық округі 4 елді мекеннен құралған. Аумағында Бозай, Тентексай, Шолан-төбе, Тартоғай елді мекендері бар. Орталығы – Бозай ауылы. Жалпы жер аумағы 65 962 гектарды құрап, 2 640 адам тұрады.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан аумағында жүзеге асып жатқан жобалар таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда Бозай ауылдық округінің 4 ауылы да сапалы электр қуатымен 100% қамтылған. Бағаналар мен кабельдер, трансфарматорлар 100% жаңартылды.
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Тентексай елді мекенінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып, елді мекендегі әрбір тұрғын үйге су құбырлары арқылы таза ауыз су жүргізілген. Ағымлағы жылы Бозай елді мекені де таза ауыз сумен қамтылуы жоспарлануда.
Бозай ауылдық округіндегі тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысса, бүгінде шаруалар егін егуге ден қоюда. Биыл 1 100 га тәлімі егістік жер алқабының 600 гектарына бидай дақылдары егіліп, өнімдері жиналып алынды. Сонымен қатар, 20 га шартты суармалы егістік алқабына бақша өнімі яғни қарбыз егілді. Егістік алқабынан жергілікті диқандар 30 мамырға өнімдері пісіп-жетіліп, еліміздің өзге өңірлеріне және көршілес елдерге экспорттау арқылы табыс көлемі 435,7 млн теңгені құраған.