Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысында ту жаңартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылдың 6 қарашасында Келес ауданы аумағында қолайсыз ауа-райы орын алды. Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрды. Нәтижесінде аудан орталығы Абай ауылындағы тұғыр үстіндегі Мемлекеттік Туға зиян келген болатын.
Орын алған жайт бойынша жауапты мекемелер шұғыл түрде Мемлекеттік туды қалпына келтірді.
Айта кетейік, аудан орталығындағы Тутұғыр 2019 жылы ашылған. Тұғырдың биіктігі – 30 метрді құраса, Тудың ені – 3 метр, ал ұзындығы – 6 метр.