Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕПУТАТ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Түркістан облысында депутат мектептерге барды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Осыған дейін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Абиш Шардара қаласындағы №12 мектепке барып, мектеп ғимаратының мүшкіл хәлін көрген болатын. Бұл мектептің ешқандай талапқа сай келмейтінін сынға алып, «Айғақ» телеарнасы арнайы репортаж жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бүгінгі күні №12 мектеп Шардара қаласында салынған жаңа ғимаратқа көшетіні туралы Түркістан Облысының Білім Басқармасы ресми мәлімдеді.

Кеше Дулат Әбіш мектеп әкімшілігімен бірге жаңа ғимараттың жағдайымен танысты.

Құдай қаласа, Жаңа жылда №12 мектеп жаңа ғимаратқа көшеді.