Bugin
Фото: Жетісай ауданы әкімдігі
Түркістан облысында жергілікті маслихат өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Алмасбекұлы Қасымовтың, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұртайұлы Қайназаров пен аудандық мәслихат депутаттарының, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен аудандық мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы болып өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сессияның күн тәртібінде Жетісай аудандық мәслихатының 2023-жылғы 27-желтоқсандағы №11-68-VIII «2024-2026-жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Жетісай аудандық мәслихатының 2023-жылғы 27-желтоқсандағы №11-69-VIII «Сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Жетісай аудандық мәслихатының 2023-жылғы 27-желтоқсандағы №30-195-VII «Округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Атқарылған жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларының баяндамасы тыңдалып, ұсыныс-пікірлер талқыланды. Алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарлары таныстырылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.