Bugin
Фото: freepik.com
Кеше, 17 қараша күні Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болып, кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық ТЖД мәліметінше, балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, 500 ш.м. аумақ оқшауланып, өрт толығымен сөндірілді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады”, - делінген хабарламада.
Астана әкімдігі өрт болған үйдегі отбасыға көмектесіп жатыр.