Bugin

Алматыда із-түзсіз жоғалған 30 жастағы әйелдің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Evento

Алматыда 26 қазанда жоғалып кеткен 30 жастағы Әйгерім Сыпатаева өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әйелдің қазасы туралы еріктілер мәлімдеген. Алматы полициясы ақпаратты растады. Әйгерім Сыпатаева 26 қазан күні түнгі сағат 21:00 шамасында Алматының Медеу ауданындағы үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған", - деп мәлімдеді қалалық полиция өкілдері.

Әйелдің денесінде зорлық белгілері жоқ.