Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Жетісу облысында Жарлыөзек ауылында МТЗ-80 тракторы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында болған. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторының жүргізушісі Volkswagen Passat көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Toyota Carina көлігімен тағы бір соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.