Bugin

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ РОМАНСТАРЫН ОРЫНДАУШЫЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТІП ЖАТЫР

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бүгін Түркістанда ХХVI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының байқауы басталды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 60 үміткер қатысып жатыр. Олар байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынайды. Қазақ және орыс тілінде романс орындайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Байқауға Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстан Республикасының халық әртісі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Даурбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев сияқты өнер жұлдыздары қазылық етуде.

Осы байқау аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қазылар алқасымен кездесті. Кездесу барысында мәдениетті дамыту бағытындағы ұсыныстарын тыңдап, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, 17 қараша күні сағат 19:00-де «Фараб» кітапханасының залында Гала-концерті мен марапаттау рәсімі өтеді. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.