Bugin

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түлкібаста орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі бүгін бірқатар құнды жәдігерлермен толықты. Мемлекет және қоғам қайраткерінің 130 жылдық мерейтойының қонақтары мәдени ошаққа ат басын бұрып, аудан тарихы мен жетістіктерінен, біртуар тұлғаның еңбек жолынан махлұмат алды. Кітап көрмесімен танысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Белгілі зерттеуші-ғалым, жазушы, тұрартанушы Мұхтар Қазыбек 100 жыл бұрын басылып шыққан көне кітаптың түпнұсқасын тапсырды. Ұлы тұлғаның немересі Аделя Рысқұлова атасының шағатай тілінде жазған екі хаты мен «АЛЖИР» лагеріне қатысты кітапты табыстады. Сонымен қатар Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков ерекше картинаны сыйға тар тты.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты мәдениет ошағы 1963 жылы қоғамдық негізде құрылған. 1976 жылы мемлекеттік мекеме мәртебесін алды. 1983 жылы облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлімшесі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда музей қорында 7 мыңға жуық экспонат бар. Оның ішінде негізгі қор 5 мыңнан асса, қалған экспонат ғылыми-көмекші қорға тиесілі.

1994 жылы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 100 жылдығына орай музейге есімі берілді. Музей екі қабатты жалпы көлемі 753,3 шаршы метрді құрайтын ғимараттан тұрады. Оның ішінде экспозиция залдары мен қор қоймасы бар.

Айта кетейік, арда азаматтың ата-бабаларының ата қонысы – мекені болған Түлкібас ауданында тұлғаның 95, 100, 110, 120 жылдық мерейтойлары ерекше салтанатты жағдайларда атап өтілді. Игі дәстүрге айналған қоғам қайраткерінің биыл 130 жылдығы облыс, аудан көлемінде жалғасын тауып, жоғарғы деңгейде аталып өтуде.