Bugin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен, аудан аумағында күзгі тал егу, сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда. Айналаны абаттандыру шарасына бюджеттік мекеме, білім беру ұйымдары, «Көрікті Сайрам» мекемесі қызметкерлері және аудан тұрғындары, жалпы 9440 адам белсене атсалысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қоғамда экологиялық мәдениеттті қалыптастыруға бағытталған шара барысында 125 шақырым көше бойлары мен 13 шақырым аяқжолдары ретке келтіріліп, 2.2 шақырым арық-атыздары мен ирригациялық жүйелері қоқыстардан тазаланды.

Бұдан бөлек, аудан аумағындағы 14 спорт және балалар алаңшалары мен 8 аялдама ретке келтіріліп, көшелердің көркін кіргізді. Жалпы 4500-ден аса түп күзгі көшеттер егіліп, көше бойының көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сайрам ауданында бекітілген жоспар бойынша биылғы жылдың күз айларында 23300 түп ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген. Бүгінгі таңда аудан аумағында 2500 түп терек көшеті, 10 000 түп қарағаш көшеттері, 5000 түп лигуструм, 250 түп раушан гүлі, 250 түп бозарша, 1000 түп сирия раушан гүлі, 1000 түп айлант, 3050 түп шаған, 250 түп арша көшеті отырғызылды.

Аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға 36 техника жұмылдырылды. Полигон аумақтарына 16,6 тонна қоқыс тасымалданды.