Bugin
Фото: freepik.com
Қостанайда үш бала мен атасы уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Қостанайда Қарынсалды ауылында болды. Мәліметтерге сүйенсек, үйдегі жасөспірімдер 8, 3, 2 жаста болған. Сонымен қатар 1957 жылы туған атасы да көміртегі тотығымен улану салдарынан қайтыс болды.
Балалардың әкесі, анасы, сондай-ақ олардың 4 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды.