Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Bugin.kz
Алматыда 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай ең үздік студенттік топ анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бүгін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен “Алматы студенттер Альянсы” ҚҚ ұйымдастыруымен ALMATY STUDENT WEEK апталығы аясында “Ең үздік студенттік топ - 2024” байқауының финалдық кезеңі өтті.
Байқау Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын бір ортаға біріктірді. Байқауға қатысу үшін 30-дан аса өтінім келіп түсті. Жалпы сайысқа 300-ден астам студент қатысуға ниет білдірді.
Алғашқы кезеңде студенттік топтар портфолио жинап, топ жетістіктері мен сабақ үлгерімдері бойынша бағаланды. Финалдық кезеңде студенттік топтар өз оқу орны мен мамандықтарын таныстырып, әлеуметтік жобаларын қорғады. Финалдық кезеңгі үздік деп танылған 17 топ қатысты.
Байқау қорытындасы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің “BusinessLAB” студенттік тобы қаланың “Ең үздік студенттік тобы” болып танылды . Ал II орынды Қазақ ұлтық аграрлық университетінің “DreamTeams” студенттік тобы, III орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің “Histrue” студенттік тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.