Bugin
Фото: Инстаграм @abiba48
Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды. Ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Куәлікті Ақтөбеде өтіп жатқан ел біріншілігінде туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
“Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады” , - деп жазды Әбиба Әбужақынова.
Спортшы қыз Елдос Сметовтың жолын берсін деп ырымдағанын айтты.