Bugin
Фото: Evento
Рудныйдағы подъездердің бірінде итті пышақтап өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жануар сол үйдің ауласынан табылған. Полиция тергеуді бастап, кінәлілерді іздестіріп жатыр. Үй тұрғындарының бірі подъезд қанға боялғанын көрген. Кейін көшеде әйел қан жоса болып жатқан итті тапты.
Оқиға туралы куәгерлер еріктілерге хабарласқан. Олар итті ветеринарлық клиникаға жеткізуді сұраған. Бірақ санаулы минуттар соң, сол жерде ит өліп қалған. Бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полицейлер жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.