Bugin

Алматыда мүгедек әйелге күтуші ер адам қол жүгірткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда мүгедек әйел күтушісінің үстінен арыз түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматыда 54 жастағы мүгедек әйел күтушісінің үстінен арыз түсірді. Оның айтуынша, арнайы агенттіктен келген ер адам оған дөрекілік танытып қана қоймай, қол жүгіртуге барған. Ерекше күтімді қажет ететін әйелді ақыр соңында құлатып алған. «Көмекшінің кесірінен төсекке танылдым» деген жарымжан әйел күтушінің үстінен арыз жазбақшы. 

 

“Қайта-қайта құшақтап, бетімнен сүйіп, ернімнен сүйгісі келіп, басымды тартсам да, ұстап алып басымды сүйіп, әр жерімнен сипалады. Маған түнде "адам деген шешініп жату керек, тыр жалаңаш жату керек" деп, қанша рет айтты. Өзі үйде тек іш киіммен жүрді”, - дейді әйел.

Ер адам сол үйде түнеп, тәулік бойы қарағаны үшін күніне 12 мың теңге алып отырған. Әу баста ерсі қылығы байқалмады дейді. Бірақ кейін туысымның, танысымның жоқтығын біліп, тиісе бастағады дейді. Тіпті, құлатып алған. Беліне зақым келіп, сүйегі сыныпты. Бұған дейін өзі арбада отыра алса, енді төсекке таңылып қалды.