Bugin

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бірыңғай уақыт белдеуі халықтың наразылығына қарамай, өзгеріссіз қалатын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үкімет даулы мәселеге нүкте қойды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірнеше өңірдегі халықтың қарсылығына, депутаттардың мәлімдемесіне қарамастан Қазақстанның жаңа уақыт белдеуіне көшуін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім деп атады.

Қазақстан географиялық жағынан UTC+3, UTC+4, UTC+5, UTC+6 белдеуінде орналасқан. Бұған дейін елімізде UTC+5, UTC+6 белдеуі қолданылады. Еліміздің батыс өңірі басқа аймақтарға қарағанда бір сағат артта жүрді.