Bugin

Петропавлда "халал” жылқы етінен шошқа ДНҚ-сы табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Талдықорғанда майлылығы 82,5% болатын сары майдың құрамынан ішек таяқшасы табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ішек таяқшасы тобының бактериялары денсаулыққа қауіпті. 

Сонымен қатар Жетісу облысында Рейсейден әкелінген "Бабушкина крынка" сүт өнімі мен "Черкизова" шұжығы техникалық регламент талаптарына сай келмеген. Ал Петропавлда "халал" деп сатылған жылқы еті консервілерінде шошқаның ДНҚ-сы анықталған. 

Тексеріс барысында 83%-дан астам өнімдер таңбалау талаптарына сәйкес келмеген. Көбінесе құрамы, өндіруші, жарамдылық мерзімі туралы ақпарат болмайды немесе мемлекеттік тілде ұсынылмаған. 43 түрлі өнімнің Қазақстан аумағында сатылуына тыйым салынды. 224 субъектіге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.