Bugin
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында "Қазпошта" АҚ ғимаратының шатыры құлап, мүгедек болып қалған әйелге компания 18,5 миллион теңге өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданы Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ филиалы ғимаратының шатырын ұшырып кетіп, ол әйелдің үстіне құлаған. Әйел шұғыл түрде реанимацияға жеткізілген. Жәбірленушіге жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының және жұлынның зақымдануы, бет пен білектің кең скальпирленген жарасы, 3-4 омыртқаның қысылып сынуы сиақты ауыр дене жарақаттары келтірілген. Әйелге 1 топтағы мүгедектігі санаты белгіленген. АҚ Жамбыл филиалы зардап шеккеннің қызының өтінішіне жауап бере отырып, оған 7 млн теңге көмек көрсеткенмен, ол қаражат шетелде емделуге және оңалтуға жұмсалған барлық шығынды өтеуге жетпеген. Сондықтан жәбірленуші денсаулыққа келтірілген зиян мен моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Нәтижесінде олар 18,5 миллион теңге өтемақы алды.