Weekend
Нұрлан Қоянбаев хас сұлу корей актрисаларын өз киносына түсірмек
Нұрлан Қоянбаев кезекті кино туындысын халықаралық деңгейге шығармақ. Танымал әзілкеш өз фильміне енді әйгілі кореялық акрисаларды түсіруге ниетті.
Бұл туралы отандық продюсердің өзі instagram парақшасында хабарлаған.
Ол алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті. Қоянбаев келесі кино картинасында өзге елдің хас сұлу актрисалары бой көрсеткенін қалап отыр.
«Шет елдерде кино түсірудің қиыншылықтары жетерлі, дегенмен біздің компанияның щетеле кино түсіруі бір жағынан танымдық, екінші жағынан көрерменге ерекше әсер сыйлау мақсатында.
Сіздердің қолдауларыңыз осыған дәлел әрі болашақта Қазақстанмен қатар өзге елдерде де кино түсіруімізді жалғастырамыз.
Осыған орай, KOLON group вице-президенді Сан Хо Шин мырзамен Кореяда кино түсіру мәселесін талқыладық. «Әр елдің заңы басқа..» демекші, осы жоспарды айқындау мақсатында келіссөздер жүргізу үстіндеміз.
Сіз фильмде қай корей актрисасын көргіңіз келеді? Сон Хе Ге немесе Пак Шин Хе?» – деп оқырмандарының пікірін сұрады Қоянбаев.
Бірі Сон Хе Ге десе, енді бірі Пак Шин Хені қолдады, ал кейбіреулер бәрібір қазақтың сұлуларына жетпейді деп жатыр. Сіздің ойыңызша бірнеше отандық фильмдердің авторы Н.Қоянбаевтың корея қыздарын таңдауға не себеп болды? Бұл сұраныс қазақтың кино әлеміне Баяндар мен Жібектердей қазақ қыздарының жетіспей жүргенінің көрінісі ме?