Bugin

"Қатты жауын-шашын, көктайғақ": 3 күнге ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады, сол себептен жауын - шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, көктайғақ құбылыстары күтіледі, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа-райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.