Bugin
Фото: freepik.com
Бразилияның президентін өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаскөйлер ел президенті Луис Инасио Лула да Силва мен вице-президентке 2022 жылы қастандық жасамақ болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған. Енді күдіктілер 2024 жылы да осы әрекетке барды.
Рио-де-Жанейрода әскерилер G20 басшылары саммитінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқан жерде ұсталған.
"Федералдық полиция сейсенбіде қылмыскерлерге қарсы операцияны бастады. Олар президент Луис Инасио Лула да Сильваның инаугурациясына жол бермеу және сот жүйесінің қызметін шектеу үшін мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған", - делінген жазбада.