ДАМУ

“Таудағы қауіпсіздік”: Алматыда ауқымды іс-шара өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Алматыда таудағы қауіпсіздік шараларын ескеру мақсатында ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Shymbulak Outdoor ұжымы “Таудағы қауіпсіздік: Қыс мезгілі” атты іс-шара өткізді. Жиын барысында адамның таудағы мінез-құлқы, дайындығы, жабдығы сөз болды. Таудағы қауіпсіздік ережелерін ұстану керектігі айтылды. Табиғат пен адамдардың қауіпсіздігі аясындағы әлеуметтік білім берілді. Іс-шара барысында таудағы жүріс-тұрыс, адамдардың жабайы табиғаттағы мәдениеті мен білімін арттыру тақырыптары бойынша қоғамды хабардар етті. Сонымен қатар жиынға әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты 27-ші бағындырушы және барлық шыңдарға қосымша оттегі қолданбай шыға алған 12-ші альпинист Мақсұт Жұмаев пен Эверест шыңына шыққан тарихтағы алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева келді. 

 

“Алматы тауларды адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан қаза болады. “109” Алматы құтқару қызметінде жұмыс істеп жүргеніме 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында бірнеше қайғылы оқиғалар болды. Адамның тауда көз жұмуының негізгі себебі — адам тауға жалғыз шығады. Қыс мезгілінде бағытынан адасқан адамды табу қиынға соғады. Күн тез батады. Қыс болғаннан кейін қар жиі жауып тұрады. Адамды ізі арқылы табуға да негіз қалмайды. Құтқарушылар жаз мезгілінде 1-2 сағатта жететін жерге қыз мезгілінде 4 сағатта жетеді. Ал бұл уақытта зардап шеккен адам немесе жоғалған адам үсіп қалуы мүмкін. Ол әрі-бері қозғалып жүрмейді. Құтқарушыларды күтіп отырады”, - дейді құтқарушы және альпинизм нұсқаушысы Бақыт Данабеков.