Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында жеке инвестор есебінен 600 орындық жаңа “MIRAS” intellectual school мектебі ашылды. Енді Шұбарсулық балалар заманауи білім ордасында білім алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, ардагерлер, ата-аналар мен тұрғындар қатысты.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп салып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан жеке инвесторға алғысын білдірді.
Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Онда кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мектептің қауіпсіздігі де ерекше назарға алынып, бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың демалыс және спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі