Bugin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің орынбасары М.Ақмуратовтың төрағалығымен өткен мәжіліске комиссия мүшелері аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, аудандық орталық аурухана және дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралып,аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі және аудандық орталық аурухана басшылары баяндама жасады. Мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдап, сол бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуі бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов мәжілісте айтылған мәселелер бойынша құзырлы органдарға тиісті жұмыстарды жандандыруды тапсырды.