Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар ауылдық округтерден әкелінген өнімдерді арзандатылған бағамен сатып алды. Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан картоп, жуа, сәбіз, асқабақ, көкөніс пен жемістер, қауын, ет, айран, сүт, бөгеннің қымыраны, тауық еті, шұжықтың түр-түрлері өнімдері ұсынылды.
Тұрғындар осы жәрмеңкені ұйымдастырған аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмекесі апта сайын сенбі күні өтеді.