Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аудан әкімінің халықпен кездесу кестесіне сай аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есепті жиында осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар мен алда қолға алынатын жоба-жоспарлармен таныстырды.
Биыл 8 нысанда жөндеу жұмыстары басталып Бадам ауылы Жананов көшесінің бойын қоршау, абаттандыру жұмыстары аяқталған. Жананов көшесі бойына балалар ойын алаңшасын орнатылып, шілде айында пайдалануға берілген. Қыркүйек айында 4 елді мекенге (Қарабастау е.м., Ордабасы е.м., Бадам е.м., Орда м/а және Амангелді көшесі, Мамыр е.м.) 5 дана балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ордабасы елді мекенін (Ұзынбұлақ, Қылыш бұлақ, Баян бұлақ, Таңбалы бұлақ аумақтарына) таза ауыз су қамту жұмыстары аяқталып, маусым айында тұрғындарға су берілді. Ақбұлақ елді мекенінен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп құрылысы басталған болатын, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарабастау ауылынан фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының құрылысын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беріле деп күтілуде, Бадам елді мекенінен спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды қараша айында пайдалануға беріледі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылды. Олар негізінен көшелерді жарықтандыру, электр желілері, интернет желісі, жол белгілерімен кедергілері, мектептің алдындағы кіре беріс жолы, қаңғыбас иттер аулау, малдарды дәрілеу (вакцинациялау), мал ұрлығы. Әрбір қойылған сұрақ жіті бақылауға алынды және тиісті сала мамандарына аталған мәселелер бойынша жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Кездесу соңы ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдаумен жалғасты.