Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша азаматтарды тіркеу, тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу және ұзарту, кетуга құжаттарды рәсімдеу қызметтері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара кәсіпкерлерге, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге және кәсібін ашуға жоспарлап жүрген азаматтарға түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Жиын барысында проблемалық мәселелер және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланып, келген қызмет алушыларға алатын қызметі туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау барысында кәсіпкерлік - рұқсат құжаттарын, лицензияны, рұқсатты, бизнесті дамытуға және қолдануға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалары түсіндірілді.
Жиын соңында қатысушы азаматтарға өз үйінде отырып немесе ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышындағы» интернет арқылы elicense.kz, esalyq және enbek.kz бизнес енбек порталдары және мобильді қосымшасы көмегімен электронды түрде қызмет алуына болатыны туралы кеңес берілді.