Bugin

Президент Украинадағы жағдайға қатысты маңызды шешім шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан басшысы Премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына, барлық күштік ведомстволардың басшыларына және әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. 

Қазақстан екі славян халқы арасындағы соғыс қимылдарын келіссөздер арқылы тоқтату қажет еткенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.